«Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөнінде кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкімі (2024.07.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөнінде кеңес құру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 127-ө өкімі

(2024.07.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Премьер-Министрінің 2024.07.08. № 117-ө өкімімен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

 

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:

ҚР Премьер-Министрінің 2024.07.08. № 117-ө өкімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Осы өкімге қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.

ҚР Премьер-Министрінің 2024.07.08. № 117-ө өкімімен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған Кеңес туралы ереже бекітілсін.

 

 

Премьер-Министр

Ә. Смайылов

 

ҚР Премьер-Министрінің 2024.07.08. № 117-ө өкімімен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің

2022 жылғы 25 тамыздағы

№ 127-ө өкімімен

бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес туралы

ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасында қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес қызметінің мақсаты қорғаныс, қорғаныс өнеркәсібі және өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды тұжырымдау болып табылады.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.